Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Өмірдерек

Өмірдерек

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы 1978 жылы 25 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. Отбасылы, 4 баласы бар. Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша (2000 жылы), С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша (2005 жылы), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған (2005 жылы).

Ақмола қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық инспекциясында салық инспекторы болып қызмет атқарды (1996 жыл).

Астана қаласы «Континент» Мамандандырылған құқықтық консалтингі және кәсіпкерлер бастамасы» ЖШС-де бөлім басшысы, президенті (2000-2001 ж.ж), Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (2001-2003 ж.ж.) Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (03.2003– 07.2003), Астана қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі (2003-2006), Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары (2007-2008); Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (2008-2009 ж.ж.); «МТМ - агросервис» ЖШС Бас директоры (2009-2010); «Қазақстан инженеринг ХК» АҚ Басқармасының басқарушы директоры (2010-2011ж.ж.); «Қазақстан инжиниринг» ХК» АҚ-ның вице-президенті (05.2012-12.2012); «Қазақстан инжиниринг» ХК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары (2012-2014 ж.ж.) лауазымында қызметтер атқарған.

2009 жылдың сәуір айынан 2014 жылдар ішінде «Қазақстан инжиниринг» ХК» АҚ-ның атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, «МТМ-агросервис ЖШС-нің Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған (02.2014-11.2014 ж.ж). Сонымен қатар, осы жылдар ішінде «Қазақстан инженеринг» ХК» АҚ-ның «Тыныс» АҚ, «Мунаймаш» АҚ, «Казинжэлектроникс» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы лауазымын қатар атқарған.   

Қызмет атқарған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің грамотасымен (21.12.2010 жылғы №975 бұйрық), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери шеруін өткізу құрметіне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің грамотасымен (23.05.2013 жылғы №246 бұйрық) марапатталған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Коституциясына 10 жыл» медалімен, «Казакстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы - еңбекақы табысы 362 277 теңгені құрады. Жеке меншігінде Астана қаласында екі бөлмелі пәтері тіркелген.