Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Аудан әкімінің алғы сөзі

Өмірдерек

Құрметті сайт қонақтары!

«Алматы» ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Бүгінгі күні халықтың еркін ақпарат алуын қамтамасыз ету демократиялық, ашық қоғамның бірден-бір міндеті. Дүниежүзілік қолданыстағы технологияларды белсенді пайдалана отырып, халықпен байланыста болу - мемлекеттік басқару органдарының басты ұстанымы болуы тиіс. «Электрондық үкімет» бағдарламасы билік органдарының халықпен өз дәрежесінде бірлесіп жұмыс жасауға, қызмет тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

«Алматы» ауданының ресми сайты жергілікті басқару органдарының құрылымымен, құзіретімен танысуға, атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттар мен ауданның тарихымен, әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудан әкімінің ресми сайты Сіздермен пікір алмасуымызға, көпшілік тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып шешімдер қабылдауға, ауданымыздың жан-жақты дамуына қызмет жасайтынына сенімдімін.

Біз қаламыздың өсіп-өркендеуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағытында өзара түсіністік пен бірлікте қызмет етуге дайынбыз!

Құрметпен, «Алматы» ауданының әкімі

Сәрсембаев Әділбек Зейноллаұлы