Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Присвоение спортивных разрядов

11.03.2017

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,  біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

 «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат (сәйкестендіру үшін);

         бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған сенімхаты (сәкестендіру үшін);

спорт түрлері бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынща аккредиттелген облыс  федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

 «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:

білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның  мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдау хат;

         «Спорт төрешісі» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қызмет берушінің төрешілікті растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама.