Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.09.2017



Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
3-қосымша

   "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

        1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – қызмет беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы түрде:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
       1) Мемлекеттік корпорацияда – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткізгіште беру;
      2) порталда:
       қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап;
      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
   2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
     

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
      2) қызмет берушінің басшысы;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      4) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы;
      5) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы;
      6) Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарды беру секторы.
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және қызмет берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут ішінде.
      2) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының келіп түскен құжаттарымен танысады және қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жібереді – 15 (он бес) минут ішінде.
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодесіне сәйкестігін тексереді, құжаттарды тексергеннен және талдау жүргізгеннен кейін "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркейді және тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының электрондық нұсқасы және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда қызмет алушы Стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетіледі – 5 (бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
      дайын құжаттар 5 (бесінші) жұмыс күнінде беріледі;
      басқа тіркеуші органға сұрау жолдау қажет болса, қызмет алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде – күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      тиісті куәлік (анықтама) жасақталғаннан кейін қызмет берушінің жауапты орындаушысы қол қоюға қызмет берушінің басшысына береді, одан кейін куәлікке (анықтамаға) қызмет берушінің елтаңбалы мөрі басылады.

   4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және
(немесе) басқа да қызмет берушілермен өзара әрекет тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      6. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беру тәртібін сипаттау:
      1) қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және қызмет алушыға төмендегілерді көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
      сұранымды қабылдау күні мен нөмірі;
      сұралған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттар саны мен атауы;
      құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, есімі, әкесінің есімі;
      қызмет алушының тегі, есімі, әкесінің есімі, қызмет алушы өкілінің тегі, есімі, әкесінің есімі және олардың байланыс телефондары.
      Нәтиже – Мемлекеттік корпорация инспекторының қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы.
      қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды жинақтау секторына жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде.
      Нәтиже – Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына құжаттарды жолдау;
      4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасақтайды және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Нәтиже – қызмет берушінің кеңсесіне құжаттарды жіберу.
      5) қызмет берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және қызмет берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут ішінде.
      Нәтиже – қызмет алушының құжаттарын тіркеу және қызмет берушінің басшысына беру;
      6) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының келіп түскен құжаттарымен танысады және қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жібереді – 15 (он бес) минут ішінде.
      Нәтиже – қызмет алушының құжаттарын қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жіберу;
      7) қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодесіне сәйкестігін тексереді, құжаттарды тексергеннен және талдау жүргізгеннен кейін "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркейді және тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының электрондық нұсқасы және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда қызмет алушы Стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетіледі – 5 (бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
      дайын құжаттар 5 (бесінші) жұмыс күнінде беріледі;
      басқа тіркеуші органға сұрау жолдау қажет болса, қызмет алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      тиісті куәлік (анықтама) жасақталғаннан кейін қызмет берушінің жауапты орындаушысы қол қоюға қызмет берушінің басшысына береді, одан кейін куәлікке (анықтамаға) қызмет берушінің елтаңбалы мөрі басылады.
      Нәтиже – қызмет берушінің басшысына куәлікті (анықтаманы) қол қою үшін және елтаңбалы мөр басу үшін беру;
      8) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікте (анықтамада) елтаңбалы мөр басып, қызмет берушінің кеңсесіне жібереді – 15 (он бес) минут ішінде.
      Нәтиже – қызмет берушінің басшысы куәлікке (анықтамаға) қол қояды және елтаңбалы мөр басады.
      9) қызмет берушінің кеңсе қызметкері тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін тізілім негізінде Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарын беру секторына жібереді.
      Нәтиже – кеңсе қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарды беру секторына жібереді;
      10) Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет нәтижесін қызмет алушыға береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
      11) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштерді және функционалдық іс-қимыл тәртібін сипаттау:
      1) қызмет алушы ЖСН және пароль көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін);
      2) 1-үдеріс – порталда қызмет алу үшін қызмет алушының ЖСН және паролді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН мен пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қызмет алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерінің электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу) және қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранымды куәландыру (қол қою) үшін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және кері қайтарып алынған (күші жойылған) тізімде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ теңестіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сұрау салуда көрсетілген ЖСН-мен, ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН);
      7) 4-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқасын растамауға байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымын куәландырып, "АХАЖ" АЖ арқылы электрондық құжатты (сұранымды) өңдеуге жіберуі;
      9) 3-шарт – "АХАЖ" АЖ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді тексеру;
      10) 6-үдеріс – сұратылып отырған қызметте "АХАЖ" АЖ актілер жазбасының болмауына байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – мемлекеттік қызметке электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлем жүргізу;
      12) 4-шарт – қызмет берушінің қызмет алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету негіздемесінің сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      13) 8-үдеріс – қызмет алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      14) 9-үдеріс – порталмен қалыптастырылған қызмет алушының қызмет нәтижесін алуы (хабарлама). Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптасады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің атқаратын қызмет іс-әрекеттері осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес диаграммада көрсетілген.
      12) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорация өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы қызмет берушінің және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында (аstana.gov.kz) орналастырылады.