Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.09.2017



Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
6-қосымша

   "Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

        1. "Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – қызмет беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген бекітілген "Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру баламалы түрде:
      1) Қызмет беруші;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қағаз немесе электронды түрде қабылдауын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-әрекетінің басталуына негіз болып келеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің қызмет алушының өтінішін тіркеуі және оны қызмет беруші басшысының қарауына жолдауы – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және оны қарау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) жауапты орындаушының қызмет алушының өтінішін қарауы, ұсынылған құжаттардың толықтығы мен "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеруі және талдауы – 13 (он үш) жұмыс күні ішінде;
      4) қызмет берушінің жауапты орындаушысының акт жазбасын "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ) енгізуі, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдауы – 3 (үш) сағат ішінде;
      5) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы және қызмет берушінің кеңсесіне жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      6) қызмет берушінің кеңсесі қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі немесе мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 20 (жиырма) минут ішінде;
      7. Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) қызмет алушының тіркелген өтініші;
      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы және орындау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысының қызмет алушының құжаттарын қарауы;
      4) "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ-да қалыптастырылған жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға беру немесе мемлекеттік корпорацияға жолдау.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) қызмет көрсетушінің басшысы;
      3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет алушының өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және қызмет берушінің басшысының қарауына жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының өтінішін қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді және талдау жасайды:
      бала тууды тіркеу туралы өтінішін қарауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      туылған күннен бастап екі ай өткеннен кейін бала тууды тіркеу – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;
      қызмет алушының азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін қызмет берушінің жауапты орындаушысы "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ акт жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және қызмет берушінің басшысының қол қоюына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;
      5) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды, елтаңбалы мөр қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;
      6) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға немесе мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне береді – 20 (жиырма) минут ішінде.
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

   4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және
(немесе) басқа да көрсетілетін қызмет берушілермен өзара әрекет
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар қызмет берушіге жолданады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және мемлекеттік корпорацияға жолдайды:
      бала тууды тіркеу туралы өтінішін қарауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      туылған күннен бастап екі ай өткеннен кейін бала тууды тіркеу – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді мемлекеттік корпорация қызметкері қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырады – 15 (он бес) минут ішінде.
      12. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз түріндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Қызмет беруші басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      қызмет берушінің жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігіне тексеруі және талдауы;
      қызмет алушының бала тууды тіркеу туралы өтінішін қарауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      туылған күннен бастап екі ай өткеннен кейін бала тууды тіркеу – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорация өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдеріс анықтамалығы қызмет берушінің және Астана қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында (astana.gov.kz) орналастырылады.