Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.09.2017

  



Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
8-қосымша

   "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

           1. "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – қызмет беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі ұл (қыз) асырап алу туралы және баланың туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен ұл (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлік немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және оны қызмет беруші басшысының қарауына жолдауы – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет беруші басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
       3) қызмет берушінің жауапты орындаушысының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексеруі және талдауы:
      бала асырап алуды тіркеу – 3 (үш) сағат ішінде;
       азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) қызмет берушінің жауапты орындаушының "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ) акт жазбасын толтыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдауы – 2 (екі) сағат ішінде;
      5) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және қызмет берушінің кеңсесіне жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      6) қызмет беруші кеңсесінің қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі – 20 (жиырма) минут ішінде.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) қызмет алушының тіркелген өтініші;
      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы және орындау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысының қызмет алушының құжаттарын қарауы;
      4) "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ-да қалыптастырылған жазба және мемлекеттік қызметті көрсету толтырылған нәтижесі;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қызмет беруші басшысының қол қоюы;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға беру.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) қызмет берушінің басшысы;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
       9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет алушының өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және қызмет берушінің басшысының қарауына жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының өтінішін қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді және талдайды:
       бала асырап алуды тіркеу – 3 (үш) сағат ішінде;
       қызмет алушының азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі қызмет алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін жауапты орындаушы "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ акт жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және қызмет берушінің басшысының қол қоюына жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;
      5) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      6) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді – 20 (жиырма) минут ішінде.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде өзге де қызмет
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушы қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз түріндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Қабылданған құжаттар қызмет берушіге жолданады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
       Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді:
       бала асырап алуды тіркеу – 3 (үш) сағат ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет орталықтарымен және өзге қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамасы қызмет берушілерін және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында (аstana.gov.kz) орналастырылады.