Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.08.2016

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi

екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен   (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                           № 11276 болып тіркелген) бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына әрбір кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді –                            1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын және мазмұнының дұрыстығын тексеру үшін жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындау үшін беру;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес кейіннен спорттық разрядтар мен санаттарын беру жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсыну үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды тексереді, спорттық разрядтарды беру туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Комиссияның қарауына жіберу;

4) Комиссия көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – Комиссия отырысының хаттамасы;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы спорттық разрядтарды беру туралы шешімнің жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – спорттық разрядтарды беру туралы шешімнің жобасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы спорттық разрядтарды беру туралы шешімнің жобасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою жолымен Комиссияның шешімін бекітеді –     3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – спорттық разрядтар беру туралы шешімнің қол қойылған жобасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде спорттық разрядтар беру туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – спорттық разрядтар беру туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу;

8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беруі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;

4) Комиссия.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін қоса берумен Стандартқа                  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды Мемлекеттік корпорация инспекторына ұсынуы;

2) Мемлекеттік корпорация инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, құжаттарды алғандығы туралы растама береді – 15 (он бес) минут ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа   4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдағандығы туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат;

3) Мемлекеттік корпорация инспекторы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне курьер арқылы жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын беру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (көрсетілетін қызметті берушінің дербес ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушының қабылданған құжаттарын тіркеуді жүргізеді – 15 (он бес) минут ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде қабылдау және көрсетілетін қызметті алушының қабылданған құжаттарын тіркеу;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (көрсетілетін қызметті берушінің дербес ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) қабылдайды және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 23 (жиырма үш) жұмыс күні ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркеу және Мемлекеттік корпорацияға жолдау;

6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіден қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды сканердің штрих-кодының көмегімен қабылдайды.

Рәсімнің нәтижесі – Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарын қабылдап алғандығы туралы белгі;

7) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 (он бес) минут ішінде.

Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алғандығы туралы белгі.

8. Мемлекеттік корпорациямен функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы өзара әрекеттесуінің, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке           3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.

Файлы:  Загрузить (72.15 КБ, docx)