Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.09.2017



Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
2-қосымша

  

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық
хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – қызмет беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
       Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандартқа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және оны қызмет беруші басшысының қарауына жолдауы – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушының қызмет алушы ұсынған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексеруі және талдауы;
      неке қию туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      Неке қиюды (ерлі-зайыптылық) тіркеу қызмет алушылар некеге отыруға тілек білдірушілердің (ерлі-зайыптылық) өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң қызмет берушімен жүргізіледі. Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлеу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) қызмет берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушының келісімі бойынша (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде) неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу. Қызмет алушының өтініші портал арқылы түскен жағдайда қызмет берушінің жауапты орындаушысымен қызмет алушының "жеке кабинетіне" неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеу күні туралы – 20 минут ішінде хабарлама жолданады.
      5) жауапты орындаушының "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ) акт жазбасын толтыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдауы – 3 (үш) сағат ішінде;
      6) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      7) қызмет берушінің жауапты орындаушысы неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін салтанатты түрде жүргізуге және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға тапсыру – 20 (жиырма) минут ішінде.
      7. Стандарттың 9-тармағында белгіленген, құжаттарды қосымша тексеру, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      8. 7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) қызмет алушының тіркелген өтініші;
      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы және орындау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
      3) құжаттарды қарастыру;
      4) неке қиюды тіркеу күнін белгілеу;
      5) "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ қалыптастырылған жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      6) мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      7) неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) қызмет берушінің басшысы;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет алушының өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және қызмет берушінің басшысының қарауына жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының өтінішін қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушы ұсынған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді және талдау жасайды:
       Неке қиюды тіркеу туралы өтінішін қарауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      Неке қиюды (ерлі-зайыптылық) тіркеу қызмет алушылар некеге отыруға тілек білдірушілердің (ерлі-зайыптылық) өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң қызмет берушімен жүргізіледі. Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлеу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) жауапты орындаушы қызмет алушының келісімі бойынша (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде) неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілейді. Қызмет алушының өтініші портал арқылы түскен жағдайда қызмет берушінің жауапты орындаушысымен қызмет алушының "жеке кабинетіне" неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеу күні туралы – 20 минут ішінде хабарлама жолдайды.
      5) тексеріп, талдау жасалынғаннан кейін жауапты орындаушы "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ) акт жазбасын толтырады, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
      6) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
      7) қызмет берушінің жауапты орындаушысы неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін белгіленген күні жүргізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға тапсырады.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің халыққа қызмет көрсету орталықтары және басқа да
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет
тәртібін мемлекеттік қызмет көрсету барысында сипаттау

      11. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз түріндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Қабылданған құжаттар қызмет берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.
       Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді:
      неке қию туралы өтінішті қарауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарауы – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      Қызмет алушыға бас тарту туралы дәлелді жауап жолдау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы беру кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
      1) қызмет алушы порталға тіркелуді өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – порталда логин, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – қызмет алушының порталдан қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және қызмет алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-үдеріс – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ электрондық құжатты (тұтынушының сауалын) тіркеу;
      11) 3-шарт – қызмет берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8-үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс – қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны қызмет алушының алуы.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) ХҚКО өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдеріс анықтамалығы қызмет берушілердің және Астана қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында (astana.gov.kz) орналастырылады.