Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

24.09.2017



Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 06-2420 қаулысына
9-қосымша

   "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

       1. "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – қызмет беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актісінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғандығын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін
сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Стандартқа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес өтініші негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және оны қызмет беруші басшысының қарауына жолдауы – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет беруші басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушының қызмет алушы ұсынған құжаттардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексеруі және талдауы;
      заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, некені бұзу туралы өтініші – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некен(ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан сот үкімімен айырылған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі қызмет алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) қызмет берушінің жауапты орындаушының "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ) акт жазбасын толтыруды қалыптастыру, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдауы – 3 (үш) сағат ішінде;
      5) қызмет беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және қызмет берушінің кеңсесіне жолдауы – 1 (бір) сағат ішінде;
      6) қызмет беруші кеңсесінің қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберуі – 20 (жиырма) минут ішінде.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) қызмет алушының тіркелген өтініші;
      2) қызмет беруші басшысының бұрыштамасы және орындау үшін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдауы;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысының қызмет алушының құжаттарын қарауы;
      4) "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ қалыптастырылған жазба және мемлекеттік қызметті көрсету толтырылған нәтижесі;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қызмет беруші басшысының қол қоюы;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға беру немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдау.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің кеңсесі;
      2) қызмет берушінің басшысы;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және қызмет берушінің басшысының қарауына жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде;
      2) қызмет берушінің басшысы қызмет алушының өтінішін қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы қызмет беруші ұсынған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді және талдайды:
      заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, некені бұзу туралы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде (басқа аумақтық бірлікке оның шығарылған жері бойынша заңды күшіне енген соттың шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн);
      некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш: хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан сот үкімімен айырылған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі қызмет алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      4) қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынған құжаттарды тексеруден және талдаудан кейін "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ акт жазбасын енгізеді, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және қызмет берушінің басшысының қол қоюына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;
      5) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;
      6) қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде.

   4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және
(немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттар қызмет берушіге жолданады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және оларды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды:
      некені бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан сот үкімімен айырылған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш – берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация қызметкері қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхаты негізінде жүзеге асырады.
      11. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз түріндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Қабылданған құжаттар қызмет берушіге жолданады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Қызмет беруші құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді:
      заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі сот шешімінің негізінде 1 (бір) жұмыс күн ішінде;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн);
      хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан сот үкімімен айырылған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш –күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы беру кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
      1) қызмет алушы порталға тіркелуді өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – порталда логин, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – қызмет алушының порталдан қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және қызмет алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН-мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
      10) 7-үдеріс – "Азаматтық хал актілерін жазу" тіркеу пункті" АЖ электрондық құжатты (қызмет алушының сауалын) тіркеу;
      11) 3-шарт – қызмет берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      12) 8-үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс – қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны қызмет алушының алуы.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорация өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.