Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Алматы» ауданы әкімінің құзыреті

«Алматы» ауданы әкімінің құзыреті

Аппараттың функциялары:
      1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарастыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
      2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
      3) Астана қаласы әкiмдігіне Аппарат әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды мәслихаттың бекiтуi үшiн әзiрлеу және енгiзу;
      4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдесу;
      5) кәсіпкерлік қызметтің дамуына жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      6) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, жедел жұмылдыру және мобилизациялау сұрақтары бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;
      8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      9) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізу, жалғызбасты қарттарды және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      10) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      12) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде мәслихат сессияларының жұмысына қатысу;
      13) мектепке дейiнгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету;
      14) Аппараттың құзыретi шегiнде сумен жабдықтау және су пайдалану мәселелерiн реттеу;
      15) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      16) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      17) тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген қаражат шегінде Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін ұстауды жүзеге асыру;
      18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) өз құзыретi шегiнде жаттықтырушы, әдiскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;
      20) тиісті аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      21) кәсiби емес медиаторлардың тiзiмiн жүргiзу