Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Астанада Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Астанада Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті
  Астанада Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

24.08.2017

Бүгін Астанадағы Мәскеу күндері аясында «Жерұйық» саябағында Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтің ескерткішіне және «28 панфиловшы» монументіне гүл қою рәсімі өтті.
Мәскеулік делегацияны Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин басқарды. Панфиловшыларға құрмет көрсетіп, рухына тағзым етуге келгендердің қатарында Мәскеу мемлекеттік думасының депутаттары, халықаралық және өңіраралық қатынастар ведомствосының басшылары, сондай-ақ ТМД елдері бойынша өзара әрекет жөніндегі мамандар бар.
Астана әкімдігін «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев, Сыртқы саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов және Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин таныстырды.
Тараптар шараның маңыздылығын атап өтіп, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету – Астанадағы Мәскеу күндерінің аясында өткізілетін мәдени шаралардың бір бөлігі. 
www.astana.gov.kz


Көріністер:  7