Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат

Ақпарат

05.04.2018

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында «Алматы» ауданында іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда.

Ауданда өтіп жатқан барлық мемлекеттік, кәсіби және атаулы мерекелер стратегиялық мақаланы насихаттауға бағытталуда. Шаралардың мақсаты қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларымен байланыстырылуда. Осы бағдарлама аясында «Алматы» аудандық Ардагерлер кеңесі көптеген шаралар өткізуде.

Осының бір айғағы, «Зерде» шағын орталығында аудан ардагерлері бас қосып, «Ою-өрнектердің этнографиялық және тұрмыстық мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараны өткізудің мақсаты – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихына мән бере отырып, ою-өрнектердің ұмытылып бара жатқан түрлерін қайта жаңғырту, ұрпаққа тәрбие ретінде насихаттау жұмыстарын қолға алу болатын.

Ардагерлер бас қосуы әсерлі әрі тартымды өтті. Аға ұрпақтың әлі де жастарға айтары көп екенін ұғынып қайттық.





Көріністер:  70