Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат

Ақпарат

11.07.2018

Сыбайлас жемқорлық туындау мәселесі бір жағынан болмаса екінші жағынан, қалайда өміріміздің барлық саласына әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықты жоюға бүкіл қоғам талпынуы тиіс, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық үшін қолданылатын жазаны күшейтетін заңдар қабылдануда, сонда да, жемқорлыққа қарсы тұратын ең басты құрал – бұл процессте әр азаматтың қатысуы, өйткені сыбайлас жемқорлыққа тек бірлескен күшпен ғана жеңу мүмкін.

Бүгін «Алматы» ауданы әкімінің Аппаратында ҚР Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, Аппарат қызметкерлері, аудан активтері, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен ауданның қызмет көрсету ұйымдары қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы Марафоның Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жиын өтті. Әкімдік өткізіп жатқан іс шаралардың мақсаттары, жемқорлыққа жол бермейтін құндылықтарды сақтау, күшейту және дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қазіргі заманғы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі мен оған қарсы іс әрекеттерге тұрғындардың назарын аудару.



Көріністер:  305