Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Ардагерге құрмет» акциясы

«Ардагерге құрмет» акциясы
«Ардагерге құрмет» акциясы

08.02.2018

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Ардагерге құрмет» акциясы аясында «Алматы» ауданында студент-жастардың көмегімен Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұратын Брусиловский көшесі 2 үйдің ауласы қардан тазартылды.

«Энергетика және байланыс колледжі» мен «Тұран» колледжінің студенттері қатысқан бұл қайырымдылық шарасына ауданның мердігерлік ұйымдары да белсене қатысып, жиналған қарды дер уақытында қар жинаушы көліктерге тиеп, ұйымдасқан тірліктің берекесін кіргізді. Аталған шараға риза болған ардагерлер қауымы мен жергілікті тұрғындар жастарға алғысын жаудырды

Бұл қайырымдылық акциясын жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған. Сонымен қатар, ауданның шет аймақтарын, соның ішінде тұрғын алаптарда тұратын жалғызбасты қариялар мен әлеуметтік азқамтылған отбасылардың ауласын қардан тазалау, әлеуметтік азық-түлік пакеттерін табыс ету, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс ету секілді қайырымдылық шаралары жүргізілетін болады.

Осы мақсаттағы жұмыстарға жастарды көптеп тарту – қоғамдық ортаны қайырымдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы.



Көріністер: