Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Астанада ең білімді оқушы анықталды

Астанада ең білімді оқушы анықталды
Астанада ең білімді оқушы анықталды

27.11.2017

Астанада «Елордалық білім берудің көшбасшы оқушысы» атты интеллектуалды конкурс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қалалық Оқушылар сарайында Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында «Елордалық білім берудің көшбасшы оқушысы» атты интеллектуалды конкурс өтті. 

Шығармашылық сайыс барысында әр қатысушы өзінің жан-жақты білімін, ораторлық және ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуі тиіс болды. Конкурска қатысушы 10-11 сынып оқушыларыіріктеу турында Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінен тест тапсырды. «Интеллектуалды Астанаға саяхат» конкурсына қаламыздың 39 мектебінің оқушылары қатысты.

Ал, № 64 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Атабек Қуаныш өзінің білімі мен біліктігін көрсетіп конкурс жеңімпазы атанды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.




Көріністер:  1