Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Аудан әкімі кәсіптік-техникалық білім беру орындарын аралады

Аудан әкімі кәсіптік-техникалық білім беру орындарын аралады
Аудан әкімі кәсіптік-техникалық білім беру орындарын аралады

09.11.2017

Бүгін «Алматы» ауданы әкімі Әділбек Сәрсембаев және Астана қаласы маслихатының депутаттарымен бірлесе ауданда орналасқан бірқатар кәсіптік – техникалық білім беру орындарын аралады.

Медициналық колледжінде, Энергетика және байланыс колледжі, Құрылыс-техникалық колледжінде болған аудан басшысы арнаулы орта білім беру ұйымдарының оқу процесін және оқу ғимараттарының техникалық жағдайына қатысты жағдайлармен танысты.

Арнаулы орта білім беру ұйымдарын аралау кезінде аталған оқу орындарында заман ағымына қарай бейімделушілік, замануи талаптарға сай кадрлар дайындауға ұмтылушылық байқалады.

Атап айтқанда, Жоғарғы медициналық колледжіндегі оқыту процесінің ағылшын тілінде жүргізілетіні, медицина саласында баклавр дәрежесіндегі мамандарды даярлауы, құрылыс-техникалық колледжінің халықаралық және республикалық дәрежедегі түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуі, заманауи талаптарға сай жұмысшы кадрларды жасақтаудағы жетістіктері мен еңбек нарығында колледж түлектеріне деген сұраныстың артуы осының айғағы.

Алайда, аталған оқу орындарында бірқатар проблемалардың бар екендігі айтылып қалды және оны шешу жолдары сол мезетте талқыланды. 



Көріністер:  2