Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Бүгін «Алматы» ауданы Ардагерлер Кеңесінің және «Алматы» ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Астана қаласында «ЭКСПО-2017»

Бүгін «Алматы» ауданы Ардагерлер Кеңесінің және «Алматы» ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Астана қаласында «ЭКСПО-2017»
Бүгін «Алматы» ауданы Ардагерлер Кеңесінің және «Алматы» ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Астана қаласында «ЭКСПО-2017»

08.06.2017

Бүгін «Алматы» ауданы Ардагерлер Кеңесінің және «Алматы» ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу қарсаңында «Жерұйық» саябағында аудан ардагерлерінің қатысуымен мәдени-бұқаралық шара өтті.

Аудан ардагерлерінің саз-күй ансамбльдерінің сүйемелдеуімен өнерпаз ардагерлер ән шырқап, күй тартса, салауатты өмір салтын ұстанатын ардагерлер қауымы спорттық өнерлерін де ортаға салды. «Асық ату», «тоғызқұмалақ» сынды ұлттық спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті.

Жалпы «Алматы» ауданы ардагерлер кеңесінің жұмыс жасап келе жатқанына 13 жыл болды. Сол уақыт аралығында ауданның мәдени-рухани өмірі мен қоғамдық-саяси саласына сіңірген еңбегі орасан зор. 115 бастауыш ардагерлер ұйымының басын біріктірген ардагерлер кеңесінің қарамағында 25 мыңнан аса ардагер, оның ішінде 64 Ұлы Отан соғысы ардагері, 1500 тыл еңбеккері, 500 саяси жер аударылғандар мен 23 мыңға жуық еңбек ардагерлері бар.

Елімізде өткізілгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында аудан ардагерлерінің бас құрап, келешек ұрпаққа танымды, үлгі болар шараларды ұйымдастыруы – мақтанарлық дүние. 




Көріністер:  34