Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Батыр ерлігіне тағзым

Батыр ерлігіне тағзым
Батыр ерлігіне тағзым

27.12.2019

Батыр ерлігіне тағзым

Елордада қазақ халқының батыр ұлы – Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының 119 жасқа толуы атап өтілді.
«Алматы» ауданының Б. Момышұлы даңғылында орналасқан батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою әскери рәсімі орындалып, салтанатты митинг ұйымдастырылды.
Қала халқы, әскери ардагерлер, гарнизонның, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысқан бұл іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, батыр ерлігіне тағзым етілді.  



Көріністер:  287