Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Ел Тірегі – 2019» республикалық акциясы жалғасуда «Алматы» ауданынан шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады

«Ел Тірегі – 2019» республикалық акциясы жалғасуда «Алматы» ауданынан шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады
«Ел Тірегі – 2019» республикалық акциясы жалғасуда «Алматы» ауданынан шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады

12.12.2019

«Ел Тірегі – 2019» республикалық акциясы жалғасуда
«Алматы» ауданынан шақырылған сарбаздар
Әскери ант қабылдады

«Алматы» ауданының әскерге шақыру комиссиясы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылған астаналық жастардың әскери қызметтен өту барысын үнемі назарда ұстайды.
Желтоқсан – Қарулы Күштердің бірқатар әскери бөлімдерінде күзгі шақырылымның жас сарбаздарының салтанатты түрде Әскери ант қабылдау рәсімімен басталды.  
Отанына адал қызмет ету антын еліміздің барлық өңірлерінен шақырылған 4000-нан астам мерзімді әскери қызметтің сарбаздары туысқандары, командирлері мен қызметтестері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің көзінше берді. Олардың арасында 150-ден астам «Алматы» ауданынан шақырылғандар да бар.
Әскери ант қабылдау - бұл ерекше салт жорасы және Отанына адал болу серті жас сарбаздар үшін нағыз әскери қызмет басталатын жауапты, әрі маңызды сәт.
Ант қабылдаудан кейін концерттік бағдарламалар өтті. Іс-шараның соңында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары казармаларға және әскери асханаға барды, сондай-ақ әскери бөлімнің аумағындағы плацты, спорттық қалашықтарды, клубтарды, сыныптар мен әскери бөлім аумағындағы өзге де объектілерді аралап шықты.


Фотолар Думан Құрманғалиевтікі



Көріністер:  38