Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Елбасының бағдарлы мақаласы аудан активінде талқыланды

Елбасының бағдарлы мақаласы аудан активінде талқыланды
Елбасының бағдарлы мақаласы аудан активінде талқыланды

18.04.2017

Өткен аптаның ортасында еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиға болғаны белгілі. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шыққан болатын.

Бүгін «Алматы» ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Әділбек Сәрсембаевтың төрағалық етуімен Елбасының саяси бағдарлы мақаласын талқылаған жиын өтті. Жиынға қалалық басқарма басшылары, коммуналдық кәсіпорындар мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау ұйымдары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Актив жиналысын жүргізіп отырған аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев Елбасының мақаласы оның жыл басындағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауымен тығыз байланысты, оның жалғасы іспетті екенін айтты.

Сананың жаңғыруынсыз, сілкінуінсіз экономикалық даму баянды болмайды. Алқалы басқосуда сөз алған Астана қаласы маслихатының депутаты, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев «рухани жаңғыру еліміз үшін маңызды» деген ойды алға тарта отырып, мақалада прагматизм мәселесіне ерекше көңіл бөлінгендігін, Елбасының еліміздің эволюциялық дамуы, ұлттық бірыңғай тұтастық, білім беру саласын қамтитын рухани жаңару жолын ұсынғандығын, жылдың басты жаңалығы Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімі болғандығын баса айтты. Бүгінгі уақыттың талабы – үштілділік, бұл мамандар даярлаудың жаңа бір үлгісі – деді депутат.

Актив соңында аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев Елбасының заман талаптарына сай көтерген бастамаларының елімізде игі істерге жетелейтінін, еліміздің рухани тұрғыдан қайта түлеуіне бағытталған құндылықтарға жұмыла үн қосуға шақырды.



Көріністер:  61