Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

ЕЛОРДАДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» КЕЗЕКТІ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ЕЛОРДАДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» КЕЗЕКТІ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
ЕЛОРДАДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» КЕЗЕКТІ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

23.12.2019

ЕЛОРДАДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» КЕЗЕКТІ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі мен Zakon.kz желілік басылымымен бірлесіп ағымдағы жылдың  20 желтоқсаны күні сағат 17:00-де «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» кезекті акциясы өткізіледі.
Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық Департаменті «Есіл», «Сарыарқа», «Байқоңыр», «Алматы» аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп ұйымдастырады.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығының өкілдерінен қажетті кеңес ала алады.
2013 жылдан бастау алған «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» акциясы Қазақстан азаматтары арасында танымал.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 22 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» жалпыреспубликалық акциясы аясында 700-ден астам азамат тегін заң кеңесін алды.
Жоғары білікті заң көмегін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Акция келесі мекен-жайлар бойынша өткізіледі:
1.    «Есіл» ауданы әкімінің аппараты - Қабанбай батыр даңғылы, 33;
2.    «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты - Сарыарқа даңғылы, 13;
3.    «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты - Бараев көшесі, 9/2, «Тұран» колледжінің ғимараты;
4.    «Алматы» ауданы әкімінің аппараты - Тәуелсіздік даңғылы, 7.
Қосымша ақпарат бойынша 8-707 659 4405 (Алия) телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.



Көріністер:  237