Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Мұқатай Құсайынов 96 жасында өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Мұқатай Құсайынов 96 жасында өмірден өтті
Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Мұқатай Құсайынов 96 жасында өмірден өтті

03.03.2020

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Мұқатай Құсайынов 96 жасында өмірден өтті


Ағымдағы жылдың 30 қаңтарыңда Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Мұқатай Құсайынов 96 жасында өмірден өтті.
Мұқатай Құсайынов 1924 жылы 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таз ауылында дүниеге келген.
Майдангер фашистік басқыншыларға қарсы күресті 1942 жылдың күзінде 23-атқыштар бригадасынан бастады. Кейіннен МҚМ ІӘ 448-атқыштар полкінің құрамында Украин КСР аумағын жау басқыншыларынан  босатты. Нацистік Германия тізе бүккеннен кейін 1947 жылға дейін 290-Новороссийск полкінің мотоатқыштар құрамында украин ұлтшыл астыртын ұйымын жоюға қатысты.
Мұқатай ата 1950 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қабылданып, 1982 жылы құрметті демалысқа шықты.
Құрметті демалыста болған кезінде де Мұқатай ата ұжыммен байланысын үзбеді, департаменттің қоғамдық өміріне белсеңді қатысып, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухына тәрбиеледі.
«Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған.
«Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Міңсіз қызметі үшін» 1,2-дәрежелі және т.б. төсбелгісімен республиканың МҚК басшылығы тарапынан бірнеше рет мадақталды.
Ардагерлер кеңесі ардагердің туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.


Көріністер:  214