Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Неке жасының төмендеуі

Неке жасының төмендеуі
Неке жасының төмендеуі

01.03.2017

«Алматы» ауданынның азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек 2017 жылдың басынан бері 580 неке тіркелген болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 43-ке артқанын анғартады.

Неке – бұл әр адам үшін ең маңызды және жауапкершілікті талап етеді.

Ресми түрде неке жасы ерлер мен әйелдер үшін он сегіз жас, бірақ кейбір негізгі  себептерге байланысы  неке жасы екі жыл мерзімге төмендетіледі.

Неке жасын төмендету қандай себептерге байланысты төмендетіледі?

Қазақстан Республикасының неке – отбасы заңнамасының 10-бабының Неке (ерлі-зайыптылық) жасы жөніндегі кодексіне сәйкес, жүктілік және ортақ баланың дүниеге келуі болып табылады.

Егер Сіз неке жасына жетпеген болсаңыз, бұл жағдайда Сізге келесі тәртіппен өту қажет:

Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.

1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.

2. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

Отбасылы болу, ұрпақ тәрбиелеу – ұлттығымыздың ең қасиетті дәстүрлерінің бірі. Ұлт болашағы жарқын болсын! 



Көріністер:  227