Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Алматы» ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

«Алматы» ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
«Алматы» ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

27.02.2017

Қазіргі таңда «Алматы» ауданы әкімі аппараты  «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесе су тасқынының алдын алу мақсатында халық арасында білімді арттыру бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізуде.

Бұл шараның мақсаты - тұрғындарды жеке және ұйымдасқан эвакуациялану тәртібімен, сондай-ақ су басу кенеттен қарқынды өріс алған жағдайда іс-қимыл тәртібімен таныстыру болатын.

Сенбі, жексенбі күндері Промышленный, Железнодорожный және Мичурин, Интернациональный тұрғын алаптарында  инженерлік-инспекторлық құраммен жеке тұрғын үй секторларына шығулар ұйымдастырылып, үй иелері және жалға алушылармен әңгімелесіп, үй аулаларын қардан алдын ала тазалау, жер-топырақпен толтырылған қаптардан қорғау құрылыстарын салу, және ауладан ағын суларды жинайтын арықтарды тазалау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



Көріністер:  234