Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Жарқырап жатыр, шақырып мұздың айдыны

Жарқырап жатыр, шақырып мұздың айдыны
Жарқырап жатыр, шақырып мұздың айдыны

22.12.2017

 Тәуелсіз елімізге Жаңа, 2018 жыл қадам басқан шақта «Алматы» ауданы әкімі аппараты елорда халқын тағы бір мерекелік тартумен қуантпақ.

Желтоқсан айының 25 жұлдызы күні 17:00-де «Алматы» ауданындағы Ақбұлақ өзенінің жағалауындағы мұз айдынында қала тұрғындарын жаппай мәдени - спорттық серуенге шақыратын «Қысқы ертегі» мерекелік шарасы өтеді.

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты және «Астана қаласы Комуналдық меншік қоры» ШЖҚ МКК-мен бірлесе мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырып, конкурстар мен ойындар жеңімпаздарына жаңа жылдық сыйлықтар таратады. Мерекелік іс – шара барысында әнші Адам, танымал жүргізуші Аусар Аргын жиналған көрермендерге өз өнерлерін ортаға салмақ.

№10 Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер арасындағы хоккей-шайбы спорттық мектебінің «Астана 2000 - 2002» командасының ойыншылары мұз айдынының сәнін кіргізді.

Қысқы мерзімде қала халқы мен қонақтарының көңіл-күйін көтеріп, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін ауданымыздағы «Президент» саябағында, «Жерұйық» саябағында, «Оқушылар сарайы» алдындағы алаңда қысқы демалыс орындары, соның ішінде мұз айдандары мен сырғанау алаңдары пайдалануға беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарын келер Жаңа – 2018 жыл мерекесімен құттықтаймыз! Сіздің барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол, мол табыстар, Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.



Көріністер:  1