Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Атқарылып жатқан іс шаралар

Атқарылып жатқан іс шаралар

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) 1 тоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі келесі жұмыс атқарылды:

- Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімімен Аппараттың 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді және өкіммен Аппарата сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты тұлға анықталды;

- жеке және заңды тұрлғалардың хаттары және өтініштерін қабылдау үшін «сенім телефоны» және пошта жәшігі қызметі ұйымдастырылған, Аппараттың интернет сайтында, тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпараттарға кең ауқымды қол жетуге мүмкіндік беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімдері және «Сұрақ-Жауап» тақырыпшасы ашылды;

- азаматтардан түскен өтініштерінің келуі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың негізгі принциптері және мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді;

- Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі, Аппарат қызметкерлерімен, азаматтармен қарым-қатынаста мұқият және нақты болу мәселесі, кәсіби этика нормаларын бұзған үшін тәртіптік жаза қолдану шарасы бойынша жиналыс өткізді;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білу, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жол бермеу мақсатында, 2017 жыл 11 сәуірде Аппаратта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мобильді тобының шақырылуымен, жиналыс өткізу жоспарланып отыр;

- апта сайын, бекітілген жұмыс кестесі бойынша, аудан әкімі және оның орынбасарлары азаматтарды қабылдауды жүргізіліп, олардың өтініштеріне толық жауап беріледі және түсіндірме беріледі;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын жоғарлату үшін, Аппарат сайтында «Мемлекеттік сатып алу» бөлімі жұмыс істейді, оның ішіне: заңнамалық актілер, мемлекеттік сатып алу жоспары енгізілген.

- аудан әкімінің тұрғындар алдында жыл сайын есеп беру кездесулері өтті;

- Аппараттың барлық қызметкерлері, салық қызметінің органдарына табыс және мүлік туралы мәліметтерін уақытылы өткізді;

- мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін айқындығын жоғарлату үшін, аудан әкімінің тапсырмасы бойынша, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, шыны қалқандармен жасалынған кабинеті бірінші қабатта орыналастырылды;

- Аппараттың бірінші қабатында, мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша ақпараттық-анықтама материалдары бар стенд ілінген;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын орындалуын қамтамасыз ету үшін, аталған Кодекстің мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылған арнайы стенд орналастырылған;

- аудан әкімінің барлық жиналыстарында, сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау, әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл бөледі.

Аппарат қызметкерлерінің тарапынан болатын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын алдын алу және болдырмау жұмыстарына, сонымен қатар оларға ықпал ететін іс-әрекеттерге тұрақты бақылау жүргізіледі.

2017 жылдың бірінші тоқсанында, Аппарат қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері тіркелмеді.