Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты

«Астана қаласы «Алматы» ауданы

әкімінің аппараты» ММ-нің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стандартын бекіту туралы



2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес:

1. Қосымшаға сәйкес «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Е. Асылбековке жүктелсін.



Астана қаласы

«Алматы» ауданы әкімі Ә. Сәрсембаев




Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің

2017 жылғы «10» сәуірдегі

03-03-031 өкіміне

қосымша



«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты


1. Қоғамдық қарым-қатынас саласы: білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, қоғамдық қатынастардың басқа да салалары жатқызылуы мүмкін.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарттарының жобасын әзірлеуші: «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат).

3. Қоғамдық қарым-қатынастың ерешеленген саласында жұмыс істейтін қызметкердің мінез-құлық ережелері (іс-әрекеттері).

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарттарына қатысты заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын іске асыру кезінде және заңды мүдделерін қорғау кезінде:

Аппарат қызметкерлері, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын іске асыру кезінде және заңды мүдделерін қорғау кезінде төрешілдікті және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу шараларын барынша қолдану керек;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде – «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мерзімдері қатаң сақтау керек.Өтініште (арыздар, өтінішхаттар және т.б.) көрсетілген дәлелдерді, оларды қарау кезінде жан-жақты зерделенуін қамтамасыз ету, содан кейін егжей-тегжейлі және дәлелді, тиісті қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, жауап қайтару;

Аппарат қызметкерлері, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын іске асыру кезінде және заңды мүдделерін қорғау кезінде қызметтік статусын мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, заңды және т.б. орындарда өзінің жеке мәселесін шешіп беруге ықпал етуге жол берілмейді;

өзінің құзыреттілік шегінде, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін, заңда қарастырылған барлық шаралардықолдану керек.

3.2 өзінің құзыреттілік шегінде, басқарушылық шешімдерді және басқа да шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезінде:

Аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасының Заңдарында бекітілген нормалар мен принциптерді қолдануға міндетті: Қазақстан Республикасының мемлкеттік қызмет туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі;

Аппараттың қызметкерлері қабылдайтын шешімдері заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын іске асыру кезінде және заңды мүдделерін қорғауына кедергі келтірмеуі тиіс;

мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қабылданатын шешімде қолданыстағы Регламентті қатаң сақтай отырып, қабылдануы тиіс.

3.3 Нормативтік құқықтық актілері әзірлеу кезінде:

нормативтік құқықтық актілер жобасы әзірлену кезінде, егер олар заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне байланысты болса, онда қоғамдық талқылау жүргізу арқылы жасалыну тиіс, ал егер олар кәсіпкерлік субъектілеріне байланысты болса, онда кәсіпкерлер палатасының өкілдері қоғамдық талқылауға қатысу қажет;

нормативтік құқықтық актілер жобасы қолданыстағы заңнамаға толық сәйкестендіріп жасалынуы тиіс.Қайталынатын, ескірген немесе коррупционогенді нормаларды қабылдауға жол берілмейді;

мемлекеттік қызмет көрсету Регламенттері, Орталық атқарушы органдар бекіткен Стандарттарға толықтай сәйкестендіріліп жасалынады;

қоғамның және кәсіпкерлердің мүдделеріне қатысы бар нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңында көрсетілгендей, баспаға шығарылады.

3.4 Қоғамның тұрмыс тіршілігінде пайда болатын, басқа да қарым-қатынас саласында, Аппарат қызметкерлері міндетті:

өзге мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан болатын кызметтік этика нормаларын бұзу фактілеріне тосқауыл қою немесе басқа болдырмау да шаралар қолдану;

басшылардың тапсымаларын орындалу кезінде тек объективті және сенімді мәліметтер беру;

басшылықтың заңды тапсырмаларын орындалуына кедергі жасайтын іс-әрекетке (бей-әрекетке) қарсы тұру;

барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлық фактілерін пайда болу жолдарына тосқауыл қою;

аппараттың қызметкерлері қызметтен тыс уақытта, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішіндегі қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс;

өзінің тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

4. Басқа да шектеулер мен тыйым салынған жағдайлар.

Аппараттың қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін бұзушылықтар мен бұрыс іс-әрекеттерге жол бермей отырып, мүлтіксіз орындауға тиіс.

Аппараттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарында және Қазақстан Республикасының мемлкеттік қызметшілеріне қойылатын талаптардағы шектеулер қолданылады.


_________________________