Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

ГУ «Аппарат акима района «Алматы» города Нур-Султан»

08.11.2016

Кошербаев Елдос Аспандиярулы

Вопрос:

Аса құрметті  Адльбек Зейнуллаев! Сізге хат жолдап отырған тәуелсіздіктің құрдасы  Көшербаев Елдос. Биыл тәуелсіздік мерекесіне де 25 жыл толды. Осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақ халқы тәуелсіздік үшін өмір бойы күресті. Тәуелсіздік үшін күрестің сонау ерте заннан бастау алып, 20 ғасыр  қазақ халқы жеңіске жетті.
Аллаға шүкір, еліміз тыныш, қарнымыз тоқ, киміміз көп бүтін.
Ал енді сәл шегініс жасап әнгімені әріден бастайын. Мен Көшербаев Елдос 1991 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы Мерке ауданында қарапайым отбасында дүниге келдім. Отбасымда 2 қыз 1 ұл. Ата-анам бәрімізді оқытты. Қазір мамандығым бойынша Астана қаласында жұмыс істеп жатырмын. Ата-анам Меркеде тұрады. Әкем шаруа, анам балабақшада жұмыс жасайды.
Мен де тәуелсіздіктің төл құрдасымын, яғни сіздің балаңызбын. Сіз мемелекетіміздің болашағы жастарға жастарға жасадыңыз, жасап жатырсыз. Мен де сіздің  қамқорлығыңызға мұқтаж болып, осы хатты сізге жолдауға мәжбүр болып отырмын.Неге дейсіз ғой,? Үйленіп үй болып, Ата-анамды қасыма алып, перзенттік борышымды өтесем деймін. Айлығым  жолыма әрен жетеді. Оның үстіне пәтер жалдап тұрамын.
Атам қазақ үйі жоқтың күйі жоқ деп рас айтқан екен. Қазір менің үйленуге күйім жоқ ата!
Сіз қол ұшын созсаңыз, үйлі-жайлы болып, алаңсыз халқыма қызмет етер едім деп ойлаймын.
Хат жолдаушы Көшербаев Елдос.
тел 87022349197 eldos.kosherbaev@mail.ru

Ответ:

Құрметті Елдос Аспандиярұлы!

Сіздің өтінішіңізді қарастыра отырып, бұл сайт Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ресми сайты екенін хабарлаймыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін, міндетті түрде Астана қаласында үш жыл тіркеуде болуыңыз қажет. Есепке тұрғаннан кейін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұрынғы Халыққа қызмет көрсету орталығы) тиісті құжаттарды тапсырып кезекке тұруыңызға болады.

Өзіңіздің өтінішіңізбен Астана қаласы «Тұрғын үй басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңыз қажет. Ресми сайты: www.uzh.astana.kz. Мекен жайы: Сейфуллин көшесі, №30., байланыс телефондары: 7 (7172) 32-01-58, 32-02-79.

«Алматы» ауданы әкімінің

орынбасары                                                                                             А.Есілов

Орынд.С.Бекенова

Тел 36-11-26