Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

2016 жылдың 29 желтоқсаны

29.12.2016

"Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме, 010000 Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7 телефон: 8 (7172) 363890, факс 8 (7172) 362701, d.imanbaeva@alm.astana.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары, (Е-1 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 150 740 тенгеден 203 208 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің жастар саясаты, ішкі саясат, еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм, балалар құқықтарын қорғау, еңбекті қорғау, дін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, жалпы әскери міндет және әскери қызмет сұрақтарын қамтитын аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкесорындалуын қамтамасыз етеді. Құзыретті органдармен бірлесіп терроризм мен экстремизмге қарсы шараларды, халықтың құқықтық сауатын жоғарылату, құқықбұзушылықтың алдын алу саласындағы шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, меншік формасына қарамастан ауданның барлық кәсіпорындары мен мекемелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, аудан аумағанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi. Көші-қон, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының іс-әрекетін қамтитын және мұқтаж адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім саласындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап        3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.