Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат

28.03.2017

"Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме, 010000 Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7 телефон: 8 (7172) 363890, факс 8 (7172) 362701, d.imanbaeva@alm.astana.kz «Б» корпусының төменгі уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (Е-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 77 452 теңгеден 104 935 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу туралы мәселелерді ұйымдастыру және өткізу жөнінде аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын, іс жүргізуді дұрыс және уақытылы орындауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алудың жылдық бекітілген жоспарына сәйкес жұмыс, тауар және  қызмет көрсету жөнінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу. Конкурстық комиссия отырыстарын уақытылы жүргізу, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөнінде хаттамаларды қол қойып дайындау,  конкурсқа қатысу құқығы туралы  хаттамалар, конкурстық тәсілмен және бір көзден алу   тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижесі туралы хаттамалар, сонымен қатар конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамалары, тауар, жұмыс және қызмет көрсету мемлекеттік сатып алу  құжаттарын және іс-қағаздарын сақтау жөніндегі жұмыстарды бақылауға алу. Конкурстық өтінімдерді және   басқа  да  құжаттарды  тексеру. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін, мемлекеттік  сатып алу  келісім шарттарының  дұрыс  жасалуын және мағлұматтың уақытылы өкілетті органдарға  тапсырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыстар менқызметтер көрсететін ықылассыз өнім берушілермен жұмыс және есеп жүргізу. Мемлекеттік сатып алу  сұрақтары бойынша талап-арыз қызметін дайындап, жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7 №504 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.